Су тасыған сәттер де болған...
«Судың да сұрауы бар» деп халқымыз бекер айтпапты. Кейде шүмектен сылдырап бос су ағып жатқанда ысырап дүниеге ішім күйіп, балалық шағым еске түсіп кетеді. Мен өскен ауыл жасыл желегі жайқалған, табиғаты шүйгін болатын. Ойын баласы болған соң қызық қуып, қора артындағы ну жыңғылдың ішіне қозы-лақты жайғанды...