Алғашқы сессияда жаңа депутаттық құрам анықталды

Бұдан кейінгі күн тәртібіне енген мәселелер бойынша аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларын құру, аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының құрамын бекіту және олардың төрағаларын сайлау, аудандық мәслихаттың кезекті екінші сессиясының төрағасын сайлау жайы талқыланып, аталған жайттар депутаттар тарапынан қолдау тапты. Сосын аудандық мәслихаттың «Nur Otan» партиясының депутаттық фракциясын тіркеу туралы «Nur Otan» партиясы Арал аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Т.Қанатов хабарлама жасады.

Иә, аудандық мәслихаттың депутаттық құрамы жаңарды. Жұртшылық тарапынан лайықты бағасын алып, партия сеніміне ие болған депутаттар алдында аудан әкімі бұрынғы мәслихат хатшысы, бүгінгі мәслихат депутаты Дәуренбек Мадиновке Алғыс хат табыстап, аудан экономикасын өркендету жолында атқарған өлшеусіз еңбегіне алғысын білдіріп, иығына шапан жапты.
Жалпы, жаңа жылдың алғашқы онкүндігінде ұйымдастырылған саяси дода жоғары деңгейде өткізілді. Ашықтықты басты бағыт еткен мемлекетіміз бұл жолы да әлемдік деңгейдегі саяси аренада өзін мойындата алды. Бұл сайлаудың бір ерекшелігі, әйелдер қауымына, іскер жастарға, елжанды азаматтарға айрықша көңіл бөлінгені еді. Расымен де. бізге белгілі болғандай, Мәжіліс пен облыстық мәслихат депутаттығында жоғарыда тілге тиек еткендей нәзік жандылар мен жалынды жастарға сенім артылғанын анық аңғарамыз.
Аралда да солай. Аудандық мәслихаттың депутаттығына үміткер ретінде тіркеліп, сайлау қорытындысымен халық қалаулысы атанған ардақты аналар, іскерлік қабілетімен дараланған жас буынға зор сенім артылды.



«Толқын» ақпарат