Мерекелік демалысты Қызылорда қаласында өткізіп, ауылға қайтуға вокзалға келе жатырмыз. Қызылорда – біз үшін жанымызға жылы мекен. Өйткені біз осы қалада таныстық, табыстық. Студенттік бал шақты да осында өткіздік. Сондықтан да болар, қаланың әр қалтарысы біздің санамызда естелігімен қалған. 10 жыл өтсе де...