Қазақтың кең көйлегін кәсіп еткен
«Біз ұлттық киімді тек Наурызда ғана емес, жай күндері де киіп жүруіміз керек» деген ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзі бәрімізге аян. Бүгінде көркі көз жауын алатын сол ұлттық нақыштағы киімдерді тігіп, сатылымға шығарып, жалға беруші кәсіп иелері көп. Олардың көбі жастар екені тіптен көңілге қуаныш...