Өмірді сақта

Таяуда Қызылорда гарнизонының әскери полиция қызметкері аға лейтенант Ш.Ршауов, 10216-Ж әскери бөлімінің (Арал қ.) әскери қызметшілерімен "Өмірді сақта" ведомствоаралық бағдарламасының талаптарын орындау мақсатында профилактикалық іс-шара жүргізген болатын.
Мұндағы сабақтың басты мақсаты “Тұрмыстық зорлық-зомбылық”, "Жылдамдық туралы ойлан", "Заң алдындағы жауапкершілік – бірдей" айлығы барысында әскери қызметшілермен жол ережесін сақтау, жабдықталмаған жерлерге өздігінен суға түсу, кезекшілік барысында, диверсияға қарсы қауіпсіздік ережелерін, қызмет регламентін сақтау және ҚРҚК-нің 108-1, 109 және ҚКӘК баптарын жеткізу бойынша профилактикалық іс-шаралар өткізілді.
Әр адам өз өміріне жауапты. Сол үшін қандай жағдайда болмасын аса ұқыпты, әрі сақ болғанымыз жөн. Жылдамдықты асыра айдап, өзге біреуге зиянымызды тигізген дұрыс емес!
"Толқын" ақпарат