Құқық бұзушылыққа қарсы іс-шара

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде орын алған заң бұзушылықтар мен тәртіпсіздікті азайту аясында өткізілген түсіндірме жұмыстарында Қызылорда гарнизоны әскери полиция қызметкері аға лейтенант Ш.Ршауов құқық бұзушылық кодексі мен әкімшілік құқықбұзулық кодекстарының баптарын жеткізумен қоса 2023 жылы әскери қызметшілердің қатысуымен орын алған тәртіпсіздіктерге ерекше тоқталды.
Профилактикалық іс-шара соңында әскери қызметшілер өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып, оларға толық жауап алды.