Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» Ала допты алақанда ойнатқан

Ала допты алақанда ойнатқан

Қай салада болмасын аудан намысын қорғауда әйелдер қауым да ермен бірдей жетістікке жетіп, жоғары көрсеткіштерден көрініп жүр. Әсіресе спорт саласында. Жуырда Алматы қаласынан ақжолтай жаңалық жетті. Нақтысы, наурыз айының 18-25 күндері аралығында Алатау бөктеріндегі алып шаһарда қол добынан (гандбол) U 18 жастар арасында Азия құрлығының чемпионаты өткізілген-ді. Аталған спорт түрі бойынша ұлттық құрама сапында Арал ауданы спортының тарихында ойын түрлері бойынша тұңғыш рет аудандық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің спортшысы Жадыра Әбдісұлтанова өнер көрсетіп, күміс жүлдеге қол жеткізді. Ала допты асақан шеберлікпен игерген жас спортшының бұл жетістігі әрине аудан абыройын асқақтатары сөзсіз. Өйткені бұл бойын түрінен бізге бұйырған алғашқы жеңіс осы болып тұр.
Аудан мақтанышына айналған алтын қыз Жадыра Берікханқызы қазіргі таңда Арал көпсалалы колледжінде білім алуда. Қазақстан Республикасына белгілі бапкер Ж. Байарыстанованың қол астында жаттығады. Алғашқы бапкері –  Рүстем Исанов.
Енді жас спортшы ҚР ұлттық құрамасының қатарында әлем чемпионатында өнер көрсететін болады.

А. ҚАРАСАЙ
---
28 наурыз 2022 ж. 186 0