Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» Балаларды қараусыз қалдырмаңыз!

Балаларды қараусыз қалдырмаңыз!

Балалардың терезеден құлау жағдайларының көпшілігі ата-аналар балаларын қараусыз қалдырған кезде пайда болады. Балаларды жалғыз қалдырмаңыз!
Ешқашан москит торларына сенбеңіз. Олар құлап кетуден қорғауға арналмаған. Керісінше, москит торы қайғылы жағдайға ықпал етеді, өйткені бала оған сүйеніп өзін қауіпсіз сезінеді. Мүмкіндігінше терезелерді төменнен емес, жоғарыдан ашыңыз. Егер сіз балаға терезеден бір нәрсе көрсетсеніз, оны әрдайым мықтап бекітіңіз, баланың өткір қимылдарына дайын болыңыз, алақандар құрғақ болуы керек, баланы киімінен ұстамаңыз.
Сонымен қатар үйді желдету кезінде баланың бақылауда екеніне көз жеткізініз. Балаларға балконға ересектердің қарауынсыз шығуына рұқсат бермеңіз. Ұйықтап жатқан баланы ешқашан пәтерде жалғыз қалдырмаңыз, өйткені нәресте оянып, ашық терезеге көтерілуі мүмкін. Барлық жиһазды, соның ішінде төсектерді терезелерден жылжытыңыз. Бұл баланың терезеге шығуының алдын алуға көмектеседі. Сондай-ақ бала терезені өз бетінше ашуды неғұрлым кеш үйренетін болса, оның пәтерде болуы соғұрлым қауіпсіз болады.
Баланы терезеге қарау немесе балконнан сыртқа қарау үшін аяқтың астына орындықты немесе басқа құрылғыны қоюға үйретпеңіз. Кейіннен, осылай әрекет ете отырып, құлап кетуі мүмкін.

Арал ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі
---
29 сәуір 2022 ж. 390 0