Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Астанада 8 бала терезеден құлаған

Астанада 8 бала терезеден құлаған

Астанада жыл басталғаннан бері 8 бала терезеден құлаған. Аталған оқыс оқиғаға байланысты Сарыарқа ауданының әкімі Арман Тұрлыбек «Үйде бала бар, терезені жап» эстафетасын өткізуді ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Күн жылына бастағаннан жаңалықтар легі балалардың терезеден құлап кету оқыс оқиғаларымен толып кетеді. Статитистика көрсеткендей, балалардың терезеден құлау, жарақаттану, өлімге апару оқыс оқиғалар саны жыл сайын өсе түсуде, әсіресе қалалық жерлерде. Тек қана 2018 жылдың басында Астанада арнайы дереккөзі бойынша 8 оқыс оқиға тіркелген, оның 2-і өліммен аяқталған. Біз бұған дейін аталмыш оқыс оқиғадан алдын алу мен қажетті шараларды қабылдау туралы қаншама рет жаздық», - дейді әкім Арман Тұрлыбек Фейсбуктегі парақшасында.  
Сондай-ақ, Арман Тұрлыбек балаларды терезеден құлап кетуінен қорғайтын қағидаттарды да ұсынды.
«Оқыс оқиғалар көбінесе балалар қараусыз қалғанда орын алады, сондықтан балаларыңызды жалғыз қалдырмаңыздар.
Балалар оңай мініп түсетін жиһаздарды терезе алдынан аулақ жерге қойыңыздар.
Москит торына сенімділік танытпаңыздар, ол сәбилерді қауіпті оқиғадан қорғап қала алмайды, керісінше баланың қызығушылығын арттырып ол терезеден қарайды да соның арты оқыс оқиғаға алып келеді.
Мүмкіндігінше терезенің астыңғы емес үстіңгі жағын ашыңыздар, (үстіңгі желкөз). Реті келсе терезені толық ашқаннан артқа немесе екі шетінен ашылу механизмін қолданған дұрыс.
Терезеге балалардың қолы жетпейтіндей жерден арнайы бекіткіш құрылғысын орнатыңыздар. Терезеге қорғаныс ретінде темірден тор орнатыңыздар. Естеріңізде болсын, темір торынан баланың басы сыйса, онда  ол қорғаныштан ешқандай пайда, қорғау мүмкіндігі жоқ.  Бекіткіш құралдары мен терезеге темір торларды тек арнайы мамандар орнату керек. Балаларыңыздың қауіпсіздігі үшін ешнәрсені үнемдемеңіздер. Егер терезе алдында тұрып балаға сырттан бірнәрсе көрсетіп немесе тамашалап тұрсаңыз балаға абай болыңыз, баланы ылғал қолмен және киімінен ұстамаңыз.
Осы аталған қарапайым ережелер сіздердің балаларыңыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектеседі деп үміттенеміз. Өкінішке қарай, көптеген ата-аналар ашық тұрған терезенің бала үшін өте қауіпті екеніне мән бере бермейді. Құрметті ата-аналар кішкентай сәбилеріңізді қараусыз қалдырмаңыздар! Олар түрлі қауіптерден қорғау біздің қолымыздадейді әкім.
26 мамыр 2018 ж. 2 205 0