Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» Өкпе дерті өзектілігін жоймайды

Өкпе дерті өзектілігін жоймайды

Жаһанды дүрбелеңге салған туберкулез дерті әлі күнге дейін қауіпті кеселдердің бірі болып келеді. Бірнеше он жылдар бойы науқастарды емдеу үшін тиімді дәрі болса да, жыл сайын туберкулезден миллион адам қайтыс болады.
Ол әдетте аурудан сақтанбағандықтан болады. Жалпы осы бір дерттің алдын алу үшін шылым шекпеу, ішімдікке салынбау, құнарлы тамақтанбау, жиі тексеріліп тұру және вакцина алу сияқты қарапайым ғана қағидаларды ұстанса жеткілікті. Сондай-ақ күнделікті ақпарат көздерінде, дәрігерлердің сөздерінде айтылып жүрген аурудың жұғу жолдарына да сақ болсаңыз, деніңіз сау болады.
Бұл ретте жиі тексерілудің басты пайдасы ұзақ уақыт бойы симптомсыз өтетін өкпе туберкулезін флюорография арқылы жедел анықтауға болатындығында. Сондықтан аурудың алғашқы белгілері болып саналатын жөтелу, қақырықтың бөлінуімен, ұзақ уақыт бойы 37-37,5 градусқа дейін дене қызуының жоғарылауы, тез шаршау, әлсіздіктің пайда болуы, тәбеттің болмауы, салмақ түсіру, тершеңдік, ентіге бастау, басқа да сырқаттың белгілері байқалған жағдайда алдымен дәрігерге көріну қажет.
Л. ЖҰМАХМЕТОВА,
физиопедиатр, жоғарғы санатты дәрігер
---
22 желтоқсан 2022 ж. 423 0