Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» Тұтынушылар жоғары деңгейде қорғауды қажет етеді

Тұтынушылар жоғары деңгейде қорғауды қажет етеді

Күн сайын дерлік біз әртүрлі тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып аламыз, бірақ олар әрдайым сапалы бола бермейді. Кейде сатып алушының құқықтары сатып алудан бұрын, сатушылар тауардың техникалық сипаттамалары туралы дұрыс емес ақпарат берген кезде бұзылады.
Осыған байланысты тұтынушыны нарықтық қатынастарда барынша қорғау мақсатында тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамаға үнемі өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп отырылады. Осы ретте уәкілетті орган заң жобасын әзірледі, ол бүгінгі таңда Мәжілісте қаралуда.
Атап айтсақ, тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заң жобасына тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі Омбудсмен институтын енгізу және заңнамалық бекіту есебінен тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесін институционалдық күшейту.
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі Омбудсмен институтының міндеті барлық тұтынушының әрқайсысын тыңдау, қызмет барысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласының жүйелік проблемаларын зерделеу және анықтау, сондай-ақ тұтынушылардың дауысы ретінде қызмет атқару, бұл туралы мемлекеттік биліктің ең жоғарғы эшелондарына мезгіл-мезгіл тікелей баяндау, осы проблемаларды шешу жөніндегі ұсыныстар енгізу болып табылады.Омбудсмен институтының функцияларына кәсіпкермен туындаған тұтынушы құқықтары мәселелері бойынша сотқа дейінгі реттеу, әйтпесе - тұтынушылардың мүдделері мен құқықтарын қорғау үшін талап қоюмен сот органдарына жүгіну, егерде тұтынушылардың құқықтарына нұсқан келтіруі мүмкін болса немесе олардың мүдделерді қозғалса, әзірлеуші мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің салалық жобаларын әзірлеуге белсенді қатысу,азаматтарды тұтынушылардың құқықтары мәселелері бойынша құқықтық сауаттылықты арттыру және ағарту болып табылады.
2020 жылы "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" Заңға түзетулер қабылданып, олар үкіметтік емес ұйымдар мен бизнесті тарта отырып, тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың біртұтас жүйесін құруға ықпал етті, оның ішінде тұтынушылардың шағымдарын қараудың төрт сатылы алгоритмі енгізілді. Бұл ретте сондай-ақ азаматтың сотпен кедергісіз қорғалуына конституциялық құқығын ескере отырып, тұтынушылардың шағымдарын қараудың қолданыстағы алгоритмін, екі сатылы алгоритміне, тұтынушылық даудың тараптары арасындағы дауларды тек қана сотқа дейінгі реттеу мүмкіндігін сақтай отырып, құқықтары бұзылған тұтынушыны сотқа талап қою алдында мемлекеттік органға жүгінуге міндеттемеуұсынылды.
Қолданыстағы Заң салалық заңдармен реттелген қаржылық, әлеуметтік, медициналық, туристік және өзге де қызметтер салаларындағы тұтынушылардың құқықтарын қорғауда қолданылмайды. Осыған сәйкес, адам өмірінің барлық салаларында тұтынушылардың құқықтарын қорғау мақсатында тұтынушылардың құқықтарын қорғау қағидаларын тұрғын үй-коммуналдық тұтыну, байланыс, туризм, мәдениет, сауда, көлік және тұтыну үшін көрсетілетін қызметтердің өзге де салаларында қолдану ұсынылды.
Онлайн саудаға қатысты тұтынушылардың электрондық сауда сегментіне шағымдарының саны өсті.
Осыны ескере отырып, заң жобасымен шарттарда тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзатын және оларға қысым жасайтын талаптаға жол бермеуді бекіту, сондай-ақ құқықтық олқылықтарды жою, атап айтқанда, тауарларды сату мақсатында пайдаланылатын интернет-ресурстарды «сауда объектілеріне» теңестіру ұсынылды.
Тұтастай алғанда, тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңға ұсынылатын түзетулер тұтынушының қанағаттанушылығын қамтамасыз етіп, әлеуметтік тепе теңдікті қалыптастыруда оң нәтиже береді. Әзірленген жаңашылықтарды заңнамалық тұрғыдан бекіту тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесін неғұрлым жоғары сапалы деңгейге көтереді және қазақстандықтардың өмірінде жағымды өзгерістерге әкеледі.
Сонымен қатар, тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың бірыңғай ақпараттық жүйесіне, яғни e-tutynushy.kz сайтында ұялы телефон немесе компьютер арқылы әр тұрғын өзінің бұзылған құқықтары туралы мәлімдей алады және кәсіпкерлерге Smart QR қосылуға болады.

Фото: tolqyn.kz
---
25 қаңтар 2024 ж. 89 0