Қазақстанда 1 ақпаннан бастап электр энергиясының жаңа тарифі күшіне енеді
2025 жылдың 1 ақпанынан бастап Қазақстанда электр энергиясының жаңа тарифі күшіне енеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Тиісті бұйрыққа 2025 жылғы 27 қаңтарда энергетика министрі қол қойды.
Құжатқа сәйкес, электр энергиясының шекті тарифтері:
- бірінші топ (Б.Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1) – кВт/сағ үшін 8,27 теңгеден 9,5 теңгеге дейін;
- екінші топ (Еуразиялық энергетикалық корпорация) – кВт/сағ үшін 7,98 теңгеден 9,4 теңгеге дейін;
- үшінші топ (Екібастұз ГРЭС-2) – кВт/сағ үшін 13,17 теңгеден 15,67 теңгеге дейін;
Қазақстанда 2029 жылға дейін қанша жылу және су электр станциясы салынатыны айтылды
- төртінші топ (Топар бас тарату электр станциясы) – кВт/сағ үшін 15,32 теңгеден 20,84 теңгеге дейін;
- бесінші топ (Т.И. Батуров атындағы Жамбыл ГРЭС) – кВт/сағ үшін 17,73 теңгеден 22,58 теңгеге дейін;
- алтыншы топ (Қарағанды энергетикалық орталығы) – кВт/сағ үшін 14,09 теңгеден 17,64 теңгеге дейін;
- жетінші топ (Өскемен жылу электр орталығы) – кВт/сағ үшін 14,27 теңгеден 17,82 теңгеге дейін;
- сегізінші топ (Севказэнерго) – кВт/сағ үшін 18,61 теңгеден 23,17 теңгеге дейін;
- тоғызыншы топ ("Астана-Энергия" АҚ) – кВт/сағ үшін 9,28 теңгеден 11,71 теңгеге дейін;
- оныншы топ (Павлодарэнерго (ТЭЦ-2,3) – кВт/сағ үшін 18,25 теңгеден 24,29 теңгеге дейін;
- он екінші топ ("Қазақстан алюминийі" АҚ) – кВт/сағ үшін 7,87 теңгеден 8,52 теңгеге дейін;
- он үшінші топ (Kazakhmys Energy (ЖТЭК, БТЭК) – кВт/сағ үшін 21,42 теңгеден 30,24 теңгеге дейін;
- он алтыншы топ ("Bassel Group LLS") – кВт/сағ үшін 16,73-тен 25,48 теңгеге дейін;
- он сегізіншітоп (Степногор ЖЭС) – кВт/сағ үшін 28,97 теңгеден 38,67 теңгеге дейін;
- жиырма екінші топ ("Кентау сервис" мемлекеттік кәсіпорны) – кВт/сағ үшін 7,07 теңгеден 37,12 теңгеге дейін;
- жиырма үшінші топ (Арқалық ТЭК ГКП) – кВт/сағ үшін 8,44 теңгеден 13,13 теңгеге дейін;
- жиырма алтыншытоп (Алматы электр станциялары, ЖЭО-1,2,3, Қапшағай СЭС, Каскад СЭС) – кВт/сағ 17,82-ден 20,93 теңгеге дейін.
11, 14, 24, 29, 30, 32, 35, 36, 43-48 және 56-60 компаниялар тобы бойынша тарифтер өзгеріссіз қалады.
Бұл ретте энергетика министрі бұл станциялардың соңғы тұтынушылары үшін баға бір киловатт сағатына шамамен екі теңгеге дейін көтерілуі мүмкін екенін атап өтті.
“Электр станциялары үшін шекті тарифтер белгіленді және алдағы жылдарға арналған шекті бағалар жарияланды. Осыған сәйкес, электр энергиясының бағасы осы шектер аясында реттелетін болады. Әсіресе, жылу электр станцияларында және электр энергиясының көтерме нарығында бағалар 20%-дан астам қымбаттауы мүмкін", – деп түсіндірді Алмасадам Сәтқалиев.
Сурет: Нұрболат Нұржаубай