Қыстың жылы болуы денсаулыққа несімен қауіпті?
Қыс мезгілінің жылы болуы денсаулыққа теріс әсер етуі мүмкін. Бұл иммунитеттің әлсіреуінен, созылмалы аурулар мен психологиялық проблемалардың өршуінен көрінеді. Бұл туралы невропатолог Екатерина Демьяновская айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Риа Новостиге" сілтеме жасап.
Дәрігер температураның жиі өзгеруі және ауа райының қалыптан тыс жылы болуы ағзаға қосымша жүктеме түсіретінін еске салды. Көбінесе бұл шаршаудың жоғарылауы арқылы байқалады. Алайда температураның мұндай өзгерістері денсаулыққа ауыр зардап тигізуі мүмкін.
Қыстың жылы болуы ең алдымен иммунитетті әлсіретеді. Невропатологтың айтуынша, әдетте қысқы аяз ағзаға суыққа бейімделуге және табиғи физиологиялық қатаю арқылы иммунитетті нығайтуға көмектеседі. Жылы қыс бұл бейімделу механизмдерін азайтады.
Тағы бір салдары - созылмалы аурулар мен психикалық проблемалардың өршуі. Дәрігердің сөзінше, қыс мезгілінің күн сәулесі түспесе, ағзада серотонин мен D дәруменінің өндірісі төмендейді, бұл маусымдық депрессия мен күштің төмендеуіне әкеп соқтыруы мүмкін. Салдарынан қыстың жылы болуы респираторлық ауруларды өршітеді.
Екатерина Демьяновская 0°C температурада тыныс алу вирустарының өмір сүруі мен таралуы үшін оңтайлы жағдайлар жасалатынын еске салды. Сонымен қатар жылы қыста қар мен жел болмай, ауада шаң, аллергендер мен ластаушы заттар жиналады. Бұл созылмалы респираторлық аурулары бар адамдардың жағдайын нашарлатуы мүмкін - бронх демікпесі, созылмалы бронхит, поллиноз (өсімдік тозаңына аллергиялық реакция тудыратын маусымдық ауру).
Сурет: Нұрболат Нұржаубай