Дәрігер мамырда ауырып қалу неге қауіпті екенін түсіндірді
Көктемде ауа райы жыли бастағанымен, күн райы құбылмалы болып тұрады. Жылы киімдерді тастап, жеңіл киінуді ойлай бастаймыз. Алайда, дәрігерлердің сөзінше, осы мезгілде вирус немесе тұмау жұқтырып алу қаупі жоғары. Ал ол өз кезегінде қауіпті болып шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Доктор Питер" сайтына сілтеме жасап.
Мамырда күн жарқырап тұрғанымен көптеген адам тұмау жұқтырып алуы мүмкін. Әсіресе кешкі салқын мен ауа райының тез өзгеріп кетуі қауіпті. Қыс мезгілінен кейін ағза әлі де әлсіз болады. Сондықтан сақтанып жүру маңызды. Басылым сарапшысы мамырда ауырып қалу несімен қауіпті екенін түсіндірді.
ЖРВИ және тұмаудың асқынатын кезеңі
Далада күн жылыған кезде жеңіл киініп жүргіңіз келетіні анық. Бірақ тұмау мезгілдер ауысқан маусымда, әсіресе көктемде асқынатынын есте сақтаған жөн. Бұл мезгілде күз-қыс аралығына қарағанда ауырып қалу ықтималдығы жоғары. Оған бірнеше себеп бар:
Иммунитеттің әлсіреуі
Қыстың ұзаққа созылуы мен көктемнің салқын болуы дененің қорғанысын әлсіретеді және витаминдер қорын азайтады. Иммунитеттің төмендеуі ауа райының тұрақсыздығына және жеңіл киінумен байланысты. Күзде жылы киінуге тырыссақ, мамырда, әсіресе мереке күндері ауа райына алданып, қалың киімдерді шешіп тастаймыз. Салдарынан "тері қатып", ағза әлсіреп, ауырып қалуыңыз мүмкін.
Вирустар белсенді бола бастайды
Мамырда да вирустар қауіпті болады. Аденовирустардың, парагрипп вирустарының және әсіресе риновирустардың белсенділігі артады - мұрыннан су ағып, әлсіздігі бар маусымдық суықтың негізгі арандатушылары пайда болады. Риновирустың өзінің екі жүзге жуық түрі бар. Ал адам ағзасы оның барлық штамына қарсы күресе алмайды.
Аурудан сақтанудың жалғыз жолы - оның алдын алу. Вирустар ауа тамшылары арқылы жұғады. Сондықтан көктемде, әсіресе мамырда адам кқп жүретін жерге бармауға тырысып, жеке гигиенаны сақтау керек. Сонымен қатар, жөтеліп, түшкіріп жүрген адамдарға жоламауға тырысыңыз.