Қазақстандағы ең үздік 100 мектептің тізімі жарияланды

Тізім Қазақстандағы орта білім беру сапасына жүргізілген кешенді бағалау негізінде жасалған.
Ең үздік мектептерді іріктеу оқу-ағарту министрлігіне қарасты білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің талдауы негізінде жүргізілді. Бағалау барысында тек академиялық көрсеткіштер ғана емес, сондай-ақ бірнеше әлеуметтік факторлар да ескерілген:
- білім сапасын сырттай бағалау нәтижелері;
- PISA және PISA for Schools халықаралық зерттеулеріне қатысуы;
- білім жетістіктерін мониторингтеу деректері;
- мұғалімдердің біліктілігі мен оқушылардың жетістіктері;
- инклюзивті білім беру сапасы;
- мектеп ішіндегі микроклимат пен тәрбие беру ортасы;
- мектептердің экологиялық, ғылыми және әлеуметтік жобаларға қатысуы.
"Бұл жай ғана рейтинг емес, бұл – мектептегі білім беру үдерісіне қатысушы барлық тараптардың: мұғалімдер мен директорлардан бастап, оқушылар мен ата-аналарға дейінгі кәсібилігін бағалау", – дейді комитет төрағасының орынбасары Майра Мелдебекова.
Астана қаласында үздік мектептер ретінде келесі білім ордалары танылды:
- Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясы;
- №73 мектеп-лицейі;
- Шейх Халифа бен Заид Әл Нахаян атындағы №84 мектеп-лицейі;
- Әлімхан Ермеков атындағы №38 мектеп-лицейі;
- Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназиясы.
Алматы қаласында:
- Бауыржан Момышұлы атындағы №131 мектеп-лицейі;
- №173 мектеп-лицейі;
- Мұқағали Мақатаев атындағы №140 гимназия;
- №16 лицей;
- №15 гимназия.
Шымкент қаласында үздік деп танылған мектептер тізімі төмендегідей:
- Зоя Космодемьянская атындағы №23 мектеп-лицейі;
- Ыбырай Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназиясы;
- А.С. Пушкин атындағы №1 мектеп-гимназиясы;
- Н.Д. Оңдасынов атындағы №38 мектеп-гимназиясы;
- Өлкетанушы ғалым О. Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі.
Үздік мектептердің толық тізімін министрлік сайтынан көруге болады.
Фото: Нұрболат Нұржаубай