Қытай өнеркәсіптік роботтарды орнатуда әлемдік көшбасшы атанды

Ұйым деректеріне сәйкес, Қытай бұл көрсеткіш бойынша абсолютті көшбасшыға айналды. Сарапшылардың айтуынша, елде әлі де зор әлеует бар: 2028 жылға дейін жыл сайынғы өсім орта есеппен 10% деңгейінде сақталуы мүмкін.
2024 жылы өнеркәсіптік роботтардың жалпы саны 2015 жылмен салыстырғанда екі еседен астамға артқан. IFR мәліметінше, өткен жылы орнатылған роботтардың 74%-ы Азияға, 16%-ы Еуропаға, ал 9%-ы Солтүстік және Оңтүстік Америкаға тиесілі болды.
Робототехника индустриясы жаһандық макроэкономикалық жағдайлардан толықтай оқшау емес, бірақ ұзақ мерзімді өсу үрдісінің бәсеңдейтінін көрсететін ешқандай белгі жоқ, - делінген федерацияның есебінде.
Болжам бойынша, 2025 жылы орнатылатын роботтар саны 6%-ға артып, 575 мыңға, ал 2028 жылы 700 мыңнан асуы мүмкін.
Фото: baq.kz