Топ-баннер
Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » БАЯНДЫ БІРЛІК: ТАБЫСТЫ ТІРЛІККЕ БАСТАЙДЫ

БАЯНДЫ БІРЛІК: ТАБЫСТЫ ТІРЛІККЕ БАСТАЙДЫ

Қыстың екінші айында еңсере бастадық. Шуақты көктемнің лебі сезілгендей. Жуырда диалог алаңына айналған руханият орталығында халалық №1 және №3 кітапханаларының ұйымдастыруымен келісім мен қоғамдық тұрақтылықты нығайту мақсатында «Қоғамдағы татулық – әрі этносқа құрмет» атты тағылымды кеш өтті. Оған түрлі ұлт өкілдері, сан-саланың мамандары қатысты.
         Татулықты ту еткен мемлекетіміздің жүздеген ұлтқа құшақ ашқан баянды бірлігімен табысты тірлігі кеңінен айтылып, жүзі басқа болғанымен тілегі бір этнос өкілдерінің қазіргі таңда қоғам дамуына айтарлықтай үлес қосып, Қазақстанды Отанына балап жүргендері жан-жақты тақырыпқа арқау болды. Шара барысында достық пен бірлікке арналған әндер шырқалып, күйлер тартылды. Мәдениет үйінің өнерпаздары ұлттық құндылықтарды ұлықтаған билерімен кеш көрігін мұнан әрі айшықтады.
         Оңтайлы тұсты пайдаланған Арал қаласында тұратын өзге ұлт өкілдері мемлекет қамқорлығын қолдауына шынайы ризашылықтарын білдіріп, кеш төрінен жайғасқандарын өзі сол демеу мен сүйемелдеудің айқын көрінісі екенін ортаға салды.
Шара қорытындысында «Ынтымағы жарасқан туған өлкем – Қазақстан» атты кітап көрмесі таныстырылып, еліміздің өткені мен бүгіні жиналғандар назарына ұсынылды.
А.ЖАЙШЫЛЫҚ
01 наурыз 2026 ж. 60 0