Топ-баннер
Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Гір спортынан спортшыларымыз 4 күміс, 4 қола медаль иеленді

Гір спортынан спортшыларымыз 4 күміс, 4 қола медаль иеленді

23–25 ақпан аралығында Қостанай облысы, Тобыл қаласында гір спортынан ерлер, әйелдер, жастар, жасөспірімдер, балалар және ардагерлер арасында ұзын айналым бағдарламасы бойынша гір спортынан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

ҚР чемпионатында жерлестеріміз 4 күміс, 4 қола медальға қол жеткізді.

Жасөспірімдер арасында (2010 ж.т. және одан кіші) +68 келі салмақ дәрежесінде Н.Бахиев жүлделі ІІ орын иеленсе, балалар (ұлдар) арасында (2013–2016 ж.т.) 38 келі салмақ дәрежесінде А.Бектай, +58 келі салмақта Э.Қарабекұлы ІІІ орынды еншіледі.
Балалар (қыздар) арасында (2013–2016 ж.т.) +48 келі салмақ дәрежесінде І.Алтынбекқызы – ІІІ орын, қыздар арасында (2010 ж.т. және одан кіші) +48 келі салмақта Г.Бахиева – ІІІ орын иеленді.

Ал жастар арасында 73 келі салмақ дәрежесінде С.Қартбайұлы және ересектер арасында осы салмақта Қ.Разақов, +95 келі салмақ дәрежесінде Қ.Байназаровтар жүлделі ІІ орынды қанжығалады.

Зілтемірді ырқына бағындырып, күш сыналар сәтте үздіктер қатарынан көрінген спортшылардың жаттықтырушылары Разақов Қайрат, Сағындықов Нұрлыбек.
Жеңіс жалауын желбіреткен барша жерлестерді жетістіктерімен құттықтаймыз.

26 ақпан 2026 ж. 46 0