БОКС ТУРНИРІ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Турнир қорытындысында 32,38, 40, 54 келі салмақ дәрежесінде – Арал ауданының спортшылары Асанжан Ислам, Бекзат Сержанұлы, Бекзат Көптілеуов және Нұржаубай Әлішер, 34, 46 келі салмақ дәрежесінде –Өзбекстан республикасынан Ильхом Ергашов және Асадбек Нематов, 36, 42, +58 келі салмақ дәрежесінде – Ақтөбе облысы, Хромтау ауданының тумалары Төреғали Мереке, Алихан Рауан және Аманғали Айталы, 44 келі салмақ дәрежесінде – Қызылорда қаласынан Бахтияр Саят, 48, 50 келі салмақ дәрежесінде – Қармақшы ауданынан Жеткерген Абдулхамит және Қорғанбек Мирас І-орынды жеңіп алды.
Жалпы боксшы жеңімпаздар сайыс қорытындысымен Арал ауданы әкімінің арнайы дипломы және медалімен марапатталып, Жұмашевтар әулетінің қаржылай сыйлығына ие болды.