Қосаман ауылдық округінде Құрылтай сайлауы күні іс-шаралар өтті
Қосаман ауылдық округіндегі №32 сайлау учаскесінде Құрылтай сайлауы күніне орай бірқатар жоспарлы іс-шаралар ұйымдастырылып, тиісті деңгейде өткізілді.Сайлау учаскесінде тұрғындардың дауыс беруіне барлық қажетті жағдай жасалып, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік талаптарының сақталуына мән берілді. Сайлаушылардың белсенділігін арттыру және азаматтардың конституциялық құқықтарын жүзеге асыруына мүмкіндік жасау бағытында ұйымдастыру жұмыстары жүргізілді.
Сайлау күні учаскеге келген тұрғындар өз таңдауын жасап, елдің қоғамдық-саяси өміріне қатысты азаматтық ұстанымдарын білдірді. Ұйымдастырылған шаралар белгіленген жоспарға сәйкес өтіп, сайлау барысы қалыпты жағдайда жүргізілді.
Қосаман ауылдық округінде өткен бұл күн тұрғындардың ел болашағына бейжай қарамай, маңызды қоғамдық үдеріске белсенді қатысқанын көрсетті.










