Оқытушының жантүршігерлік қылмысы әшкере болды

"Қазір ер адам күдікті ретінде ұсталды. Оны қамауға алу және айып тағу мәселесі шешіліп жатыр", - деп мәлімдеді Санкт-Петербургтің тергеу басқармасынан.
"Фонтанка" интернет басылымының ақпаратынша, күдікті Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің доценті Олег Соколов болуы мүмкін. Газеттің мәліметіне сүйенсек, оқытушының пәтерін тінту барысында "әйелдің денесі, басы мен қанға боялған ара" табылды.
Университет әкімшілігі бұл хабарды естіп есеңгіреп қалғанын мәлімдеді. Жоғары оқу орны марқұмның жақындарына көңіл айтты.
Алдын ала мәлімет бойынша, өлген әйел доценттің бұрынғы оқушысы Анастасия Ещенко болуы мүмкін.