Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Қай жеріңіз ауыратынын ешкімге айтпаңыз" дейді орыстың ақын қызы М.Цветаева

"Қай жеріңіз ауыратынын ешкімге айтпаңыз" дейді орыстың ақын қызы М.Цветаева

  massaget.kz Марина Цветаева – орыстың ақын қызы, прозашы, аудармашы, XX ғасырдағы айтулы ақындардың бірі.
► Мені сүйгендерге рақмет айтамын, олар маған өзгені сүюдің кереметін көрсетті. Мені сүймегендерге де рақмет, олар маған өзіңді сүюдің қандай керемет екенін ұқтырды.
► Өмір бойы есте сақтаңыз: біреудің қайғысына күлу – не ақымақтық, не оңбағандық. Адам бірдеңеге ұшырап қалуы – күлкілі емес, үстіне жуынды төгіп алса да күлкілі емес. Адамның бетінен соғу – жауыздық. Мұндай күлкі – күнә.
► Ауыратын жеріңді ешкімге айтпау керек. Әйтпесе тура сол жеріңнен ұрады.
► Достық та махаббат секілді ұлы ұғым. Ал жай таныстардың маған қажеті шамалы.
► Ерте кезден, балалық шағымнан мені барлығы жақсы көрсе екен деп ойладым. Ал қазір маған мұндай махаббаттың керегі жоқ, маған түсіністік керек екен. Мен үшін махаббат деген – осы. Ал сіздер махаббат деп жүрген (құрбандық, сенімділік, қызғаныш) сезімді басқаларға сақтап қойыңыз, маған ондай махаббат керек емес.
► Махаббат үшін ғана кездесу керек, басқаларына кітаптар бар.
► Әлемде жан саны шектеулі, ал сан жетпейтін бос денелер толып жүр.
► Бір жерім ауырады: тісім емес, басым емес, ішім емес, жоқ-жоқ-жоқ... ауырады. Аурытаны жаным екен.
► Өмірде өз орнымды білемін, ол соңғы емес, ешқашан қатарда тұрмаймын да.
► Қоштасу мүлде болған жоқ. Із-түссіз ғайып болу болды.
► "Мен сені бүкіл жаз бойы сүйіп өтемін" деген – "өмір бойы" деген сөзге қарағанда сенімдірек естіледі, әрі әлдеқайда ұзақ.
► Сүю – оны жаратқан қандай етіп жіберсе, сол күйінде қабылдау. Сүймеу – оны ата-анасы қандай адамға айналдырса, сондай қалпында қабылдау. Жек көріп кету – оның орнында үстелді, орындықты көру.
► Мен сізді ақыл-есім дұрыс күйде, есте сақтау қабілетім жақсы қалыпта сүйдім, бәрібір ессіз сүйдім.
► Мен бұл өмірде не істеп жүрмін? – Өз жүрегімді тыңдап жүрмін.
► Бейтанысқа ғана ғашық боласың, ал жақыныңды сүйесің.
► Мен жай ғана қарапайым адамдар мені көргенде қуанғанын қалаймын.
► Ақындар не үшін жаралғанын білесіз бе? Адамның жанды жерін ұялмай айту үшін.
12 қараша 2019 ж. 800 0