Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандық әйел АҚШ-та ерлігі үшін марапатқа ие болды

Қазақстандық әйел АҚШ-та ерлігі үшін марапатқа ие болды

АҚШ-тың Мемлекеттік департаменті International Women of Courage Award-2018 сыйлығының иелерінің тізімін жариялады. Аталған сыйлық әр елдегі ерлік көрсеткен әйелдерге беріледі. Биыл жеңімпаздар арасында қазақстандық қорғаушы Айман Омарова бар, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

3 наурызда International Women of Courage Award-2018 сыйлығы 10 әйелге берілетін болады. Сыйлықты АҚШ-тың мемлекеттік хатшысының орынбасары Джон Салливан табыстайды.
Марапаттау рәсімінде АҚШ-тың бірінші ханымы Мелания Трамп сөз сөйлейді.
«International Women of Courage Award сыйлығы 2007 жылдан бері ерлік танытқан әйелдерге беріліп келе жатыр. Сол уақыттан бері АҚШ-тың Мемлекеттік департаменті сыйлықты 65-тен аса елдегі 120 әйелге табыстады», – делінеді Мемлекеттік департамент хабарламасында.
Айман Омаровадан бөлек, аталған сыйлыққа Ауғанстан, Гватемала, Гондурас, Ирак, Косово, Мавритания, Таиланд және Италия мемлекеттерінің әйелдері лайық деп танылды.
22 наурыз 2018 ж. 921 0