Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ғалымдар қартаюдың үш кезеңін анықтады

Ғалымдар қартаюдың үш кезеңін анықтады

АҚШ-тың Стэнфорд университетінің ғалымдары адамның қартаю процесі бірнеше кезеңге бөлінетінін анықтады, деп хабарлайды sputniknews.kz .
Мамандар 18 және 95 жас аралығындағы 4263 адамның қан плазмасының ақуызын зерттеген. Жасқа байланысты оның құрылымы өзгеретіні белгілі болды.
Зерттеушілер қан плазмасы ақуызындағы негізгі өзгеріс үш кезеңге бөлінетінін анықтады: 34, 60 және 78 жас.
Мамандар бұл зерттеу жасқа байланысты ағзадағы өзгеріспен әлдеқайда тиімді күресуге жол ашатынын айтады
15 желтоқсан 2019 ж. 505 0