14 қаңтарда Windows 7 жүйесінің жұмысы тоқтайды
Microsoft корпорациясы 14 қаңтардан бастап Windows 7-ні қолдауын тоқтатады. Қолдаланушыларда операциялық жүйенің нұсқасын ауыстыру үшін тағы 10 күн бар, өйткені "жеті" енді жаңартылмайды және тиісті қауіпсіздік деңгейін қамтамасыз ете алмайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Windows 7 он жыл бұрын киберқауіпсіздік мүлдем басқа кезде ойлап табылған. Кибершабуылдардың жаңа түрінің немесе жаңа технологиялардың пайда болуы - қауіп-қатер тұрғысынан операциялық жүйені қайта қарауға себеп болды. Windows 10 құру кезіндегі басты қағида - киберқауіпсіздікті қамтамассыз ету және қауіп-қатерлердің жаңа түріне қарсы тұру еді. Microsoft Windows 10-ды жетілдіру және өзектендіру үшін бар күшін жұмылдырады", - деді Microsoft баспасөз қызметі.
Windows 7 орнатылған компьютерлер 2020 жылдың 14 қаңтарынан бастап хакерлер үшін жеңіл олжа болып қалу қаупі бар. Сондықтан әзірлеуші оны жаңарту қажеттігі туралы мәлімдеді. Сондай-ақ, қолдаланушылар құрылғысы заманауи талаптарға сай болмаса, оларды жаңартуы қажет. "Windows 7-де шыққан заманауи емес құрылғыларды, яғни, мораль тұрғысынан ескірген девайстарды жаңартақн кезде олардың өнімділігі төмендетуі мүмкін", - деп қосты Microsoft баспасөз қызметіндегілер.
Сонымен қатар, компания өкілдері ескірген құрылғылар Windows 10-ның негізгі қауіпсіздік мүмкіндіктерін қолдамайтынын айтты, олар: биометриялық датчиктер, қауіпсіз жүктеу құралдары, аппараттық виртуализацияны қолдайтын процессорлар және басқа да аппараттық компоненттер.
"Windows Hello көпфакторлы аутентификация платформасым техника иесінің келбетін, саусақтың немесе алақанның ізін пайдалануға мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.