2019 жылдың үздік браузерлері анықталды

W3Counter ресурсының сарапшылары жасаған 2019 жылдың есебі бойынша, Google Chrome әлі де бірінші орында келеді. Оның үлесін әлемдік веб-трафиктің жартысы құрап отыр. Екінші орынды Safari алса, үшінші орынды Microsoft Edge (ескірген Internet Explorer-ді қоса есептегенде) иеленген. Firefox әлемдегі төртінші браузер атанып, Opera ТОП-5 рейтингін 2,8% веб-трафикпен қорытындылап тұр.
Аталған бестік ұзақ уақыт лидерлер қатарында келеді. Әлемде оларға дес бере алатын қандай аналогтар бар Techadvisor сарапшылары мынадай браузерлерге назар салуға кеңес береді:
– Vivaldi – әлемдегі “ең үздік браузер” жасау үшін бұрынғы Opera мамандарының біріккен жобасы
– UC Browser – қытайлық ең танымал браузер
– Comodo IceDragon – Comodo антивирусы жасаушыларының қауіпсіз браузері
– Brave – Chromium және Blink негізіндегі ашық бастапқы коды бар Firefox веб-шолушысы
– Chromium – The Chromium Authors бірлестігі жасаған ашық бастапқы коды бар веб-браузер
– Tor Browser – даркнетке арналған Firefox негізіндегі браузер
– Maxthon – ыңғайлы веб-серфингке арналған біраз функциясы бар веб-шолушы.