Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » WhatsApp мессенджері миллиондаған смартфонда істемейтін болады

WhatsApp мессенджері миллиондаған смартфонда істемейтін болады

2019 жылдың 31 желтоқсанынан бастап операциялық жүйесі ескірген смартфондарда WhatsApp мессенджері істемейтін болады.

Сонымен қатар Android iOS 8+ нұсқасынан төмен, Windows Phone-да 
8.1+ нұсқасынан, KaiOS 2.5.1+, JioPhone және JioPhone 2 нұсқаларынан төмен құрылғыларда мессенджерді орнату мүмкін болмайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі мессенджердің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сондай-ақ, TechRadar пікірінше, қолданушыларда ешқандай қиындық туындамайды. 
Google статистикасы бойынша, Android платформасындағы құрылғыларды қолданушылардың үш пайызы ғана ескірген нұсқаны қолданады. Ал iPhone смартфондарының 5 пайызында ғана оныншы нұсқадан төмен iOS орнатылған. 
Оған қоса, ескі гаджеттер мен операциялық жүйелерді қолданушылардың дені – егде жастағы адамдар. Оларға байланыс пен мессенджерсіз қалмау үшін, көмек керек болуы мүмкін.
13 мамыр 2019 ж. 585 0