Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Отқа оранған Аустралия

Отқа оранған Аустралия

massaget.kz Аустралияның Жаңа Оңтүстік Уэльс штатында қыркүйек айында орманды алқаптың өртенуі басталған. Бүгінде алапат өрттің кесірінен жарты миллиардқа жуық жануар қырылып қалған. Соның ішінде, коала санын қайта қалпына келтіру мүмкіндігі өте аз, деп хабарлайды The Straits Times. 
Сидней Университетінің ғалымдары шамамен 480 миллион сүтқоректі, құстар, бауырмен жорғалаушылар отқа оранып қана қоймай, үйреншікті мекенінің бұзылуынан зардап шеккенін айтады. 
Өрт салдарынан жойылу алдында тұрған жануарлар қатарына кенгуру мен коала кіреді. Әсіресе, коаланың үштен бірі толықтай жойылған. Себебі, олар баяу қозғалады, сәйкесінше оттан қашып үлгермеген. Елде төтенше жағдай жарияланды. Билік жолдарды жауып, халықты қауіпсіз аймаққа эвакуациялауды бастады. "Мемлекет ретінде біздің міндетіміз халқымызды сақтап қалу және мүлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету", деді Жаңа Оңтүстік Уэльс штатының премьер-министрі.


Әзірге зерттеушілер бүкіл ел бойынша 200-ге жуық өрттің жасырын ошағы барын айтты. Өрт сөндіру кезінде 1200-ден астам тұрғын үй бұзылды. Миллион гектар жер өрт құшағына оранған. Қазір Канберрадағы ауа сапасы ең лас ауа тізіміне енді. Сонымен қатар, Qantas әуе компаниясы барлық рейсін кейінге шегерді.

"Мого" хайуанаттар бағындағы жануарлар дер кезінде құтқарылған. Маймыл, панда, тіпті жолбарыстарды бақылаушылардың бірінің үйіне апарған. 

Бүгін штатта жауын жауды. Дегенмен, бейсенбіге қарай ауа температурасы көтеріледі. Нәтижесі бұдан да үлкен өртке алып келеді деп болжанып отыр. 
07 қаңтар 2020 ж. 882 0