Экологтар Сібірдегі орман өртінің салдары ауыр болатынын айтты

Тіпті, отты зәмзәм сумен өшірген күннің өзінде, осыншалық шығынның алдын алуға болар еді", - деді Жалпыресейлік табиғат институтының директоры Андрей Пешков. Естеріңізге салсақ, алапат өрт Красноярдан бөлек, Иркутск және Бурятияның бір бөлігін шарпыған. Бүгінде орманды алқаптың 3 жарым миллион гектары күлге айналды. Ал, оның түтіні Томск, Новосібір, Кемер, Алтай, Хакасия мен Қазақстанның кей аймағына тарап үлгерген. Өңірдегі денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, адамдардың тыныс алуы қиындап, дәрігерге жиі қаралуда. Статистикалық көрсеткішке сәйкес, емханаға қаралу жиілігі 15 пайызға артқан.
https://kaz.tengrinews.kz