Титулдан бас тартқан 5 король мұрагері

Эдуард VIII Ұлыбритания, 1938 жыл

Романтиканы жақсы көретін адамдарға әдемі болып көрінетін оқиға өз уақытында Ұлыбритания басшылығын қатты таңғалдырды. Елизавета II ханшайымның ағасы Эдуард VIII тақтың заңды мұрагері бола тұра өз өкілеттігінен бас тартты. Бұл – британ монархиясында орын алған тұңғыш жағдай. Ол мұндай әрекетке махаббат үшін барды. 1936 жылы Эдуардтың әкесі қайтыс болған кезде Уоллис Симпсонмен 6 жыл бойы кездесіп жүрген. Ал Симпсон Эдуардқа дейін некеде болған. Бұл тақ мұрагеріне қайшы ситуация еді. Ханзадаға таңдау жасау керек болды: таққа отыру немесе Уоллис Симпсонмен бірге болу. «Король міндеттерін өзім сүйетін әйелдің қолдауынсыз және көмегінсіз атқара алмаймын деп шештім», – деді Эдуард VIII.
Фризо Оранско-Нассауский ханзада Нидерланды, 2003 жыл

Нидерланды ханшайымы Беатрикстің ұлы бақытты отбасы болуды таңдап, өз өкілеттігінен бас тартты. Фризо ханзада консалтингпен (ақыл-кеңес беру) айналысты және ұзақ уақыт Лондонның ірі банкінің вице-президенті болды. Оның сүйіктісі Мейбл Виссе-Смитті бұрын жергілікті атақты қылмыскермен байланысы болғаны үшін король отбасының мүшесі болуға лайықсыз деп санады. Тақ мұрагері сүйіктісі үшін өз өкілеттігінен бас тартуға шешім қабылдады.
Ханзада Луи Люксембург Люксембург, 2006 жыл

2006 жылы Луи ханзада Косовоға ресми сапарға барғанда өз махаббатын жолықтырады. Ол Люксембург армиясындағы жалғыз сержант әйел Тесси Антони болды. Бірақ Тесси қарапайым отбасыда дүниеге келген, протокол бойынша бұл неке мүмкін емес еді. Луи көп ойланбастан өзінің корольдік міндеттерінен бас тартты.
Мако ханшайым Япония, 2017 жыл

Жапония императорының немересі Мако ханшайым 2017 жылы өзінің топтасының күйеуге шығу туралы ұсынысын қабылдады. Олар Токиодағы Халықаралық христиан университетінде бірге оқыған. Жоғарыда айтылған Луи ханзада отбасымен жақсы қарым-қатынаста қалса, Мако туғандарымен байланысын үзіп, император сарайынан кетуге мәжбүр болды.
Швеция королі Карл XVI Густавтың немерелері Швеция, 2019 жыл

2019 жылдың қазанында Швеция король отбасы басшылықпен келісе отырып, қазіргі король Карл XVI Густавтың бес немересін тақтан алып тастау жайлы шешім қабылдады. Әйтпесе, таққа кезекке 10 адам тұратын еді. Енді бұрынғы мұрагерлерге еркіндік берілді. Мысалы, олар кез келген білім ала алады немесе бизнеспен айналыса алады.