Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Түріктер 60 жыл бойы армандаған көліктерін шығарды

Түріктер 60 жыл бойы армандаған көліктерін шығарды

Түркия алғаш рет өз күшімен отандық жаңа автокөлік жасап шықты. Ол электр қуатымен жүреді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ  ANADOLU агенттігіне сілтеме жасап.
Түркия 1960 жылдары "Devrіm" деп аталатын өз отандық көлігін жасамақшы бол­ған, бірақ жоба аяқсыз қалған еді. Бүгінде сол арман орындалды.
"TOGG" деп аталатын көлік Түркия­ның солтүстік-батысындағы Гебзе өңірінде шығарылады. Сынақ ретінде шығарған көлікті тексеріп, жүргізіп көрген ел президенті Реджеп Тайып Ердоған олардың алдағы 2022 жылдан бастап сатылымға шығатынын мәлімдеді.
Бұл көліктерді бес біріккен түрік кәсіпорны шығарады. Түркия БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, темір тұлпарлар дизайнын "Пининфарина" деп аталатын атақты "Феррари" көліктерін жобалаған компания жасаған.
"Түрік халқының өз отандық көлігін шығаруды көздеген 60 жылдық арманы бүгін орындалды. Бұл көліктерді жасайтын зауыт Бурса аймағынан салынады. 2021 жылға қарай құрылыс жұмысы аяқталып, автокөліктер 2022 жылдан бастап сатылымға шығады. Бұл кәсіпорын 4300 адамды жұмыспен қамтиды. Келесі 15 жылда біз осындай 5 түрлі көлік шығаратын боламыз", – дейді Түркия президенті.Тараған мәліметке сәйкес, автокөліктер "4G" және "5G" технологияларымен жабдықталады. Кептелісте ұзақ тұрғанда, ұйықтап алуға да болады. Себебі көліктің өзі жүретін қабілет бар. Ол өздігінен баяу жүріп және тоқтай алады.
Айта кетейік, Ішкі істер министрлігі автокөліктері шет мемлекеттерде тіркелген қазақстандықтарды еліміздің заңнамасына сәйкес көлік құралдарын тіркеуге шақырғаны хабарланған болатын.
16 қаңтар 2020 ж. 709 0