Қазақтың шапанын киген Сайрагүл Сауытбай АҚШ-тың бірінші ханымының қолынан марапат алды

Биылғы жылдың 4 наурызында АҚШ мемлекеттік департаменті халықаралық батыл әйелдер сыйлығын Сайрагүл Сауытбайға тапсырды. Ол - бала-шағасымен қауышу үшін өз өмірін қауіпке тігіп, Қытай шекарасын асып қашқан Шыңжан қазағы.
"Босқындардың пана мен әділдік жолында қалай күресе алатындарын өз мысалымен көрсеткені үшін АҚШ Мемлекеттік департаментінің Халықаралық батыл әйелдер сыйлығына ие болған Сайрагүл Сауытбайды біз мақтан етеміз", - делінген елшіліктің Facebook-тегі парақшасында.