Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » АҚШ физиктері әлемде ең кішкентай микрофон жасап шығарды

АҚШ физиктері әлемде ең кішкентай микрофон жасап шығарды

Америкалық ғалымдар адам құлағынан 10 триллион есе кішкентай, бірақ сезгіштігі одан қалыспайтын өте шағын дыбыс жазатын құрал ойлап тапты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Ria.ru сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы мәлімет Science Advances журналында жарық көрді.
«Біздің наножарғақтар көлемі мен салмағына қарай сезімталдылығы өте жоғары, сонымен бірге оны қолданғанда өте аз энергия жұмсалады және мүлдем «шуылдамайды». Нәтижесінде таза және қуатты дабылдар мен жоғары деңгейлі шуларда біркелкі әрі жақсы жұмыс істейтін құрылғы жасап шығаруға мүмкіндік берді», - деді Кейс Вестерн университетіндегі маман Филип Фенг.
Қазіргі заманғы цифрлық гаджеттерде адамның және басқа да тіршілік иелеріндегі дабыл жарғағынан 10 есе кішкентай болатын миниатюрлі микрофондар, акселерометрлер және қысым датчигі бар. Микроэлектромеханикалық жүйе деп аталатын базада салынған мұндай құрылғылар дыбысты жеткілікті түрде қабылдаса да, бірақ сезімталдылығы мен жұмыс дәлділігінің төмен болуымен ерекшеленеді.
Бұл олардың көлемін кішірейтуге, жоғары сезімталдылық пен жұмыстың тұрақтылығын қажет ететін басқа да құрылғылар мен байланыс жүйелерінде қолдануға кедергі келтіреді. Фенг пен оның әріптестері бұл проблемаларды шешу мақсатында алғашқы қадамды жасады. Таспаны молибден дисульфидіне айналдырып, әлемдегі ең кішкентай және ықшам микрофонды жасап шығарды.
Baq.kz
01 сәуір 2018 ж. 1 088 0