Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ғалымдар коронавирустың алты жаңа белгісін анықтады

Ғалымдар коронавирустың алты жаңа белгісін анықтады

Америкалық дәрігерлер коронавирустың алты жаңа белгісін тапты,деп хабарлайды stan.kz ақпарат агенттігі.

Бастапқыда Ауруларды бақылау орталықтарында (CDC) COVID-19 белгілерінің үшеуі ғана көрсетілген: тыныс алу қиындауы, жөтел және безгек. Одан кейін дәрігерлер Ұлыбританияда коронавирустан көз жұмған 20 000-нан астам науқастың симптомдарын зерттеген.
Анықталғандай, коронавирустың жиі кездесетін симптомдарының ішінде қалтырау, дірілдеу, бұлшықет ауруы, бас ауруы, тамақтың ауруы, сондай-ақ дәм мен иіс жоғалту бар. Бұл ретте, Иранда коронавирус жұқтырған 76 науқас кенеттен иіс сезімін жоғалтқанын айтқан.
Британдық ринологиялық қоғамның президенті, профессор Клэр Хопкинс дәмі мен иіс сезімінің жоғалуы коронавирустың ең дұрыс ерте белгілері деп мәлімдеді.
"Олар жөтелге немесе безгекке қарағанда кең таралған", - деді сарапшы. 

28 сәуір 2020 ж. 987 0