Коронавиустан сауыққан Ұлыбритания премьер-министрі әке атанды

Бұл туралы Қамшы тілшісі британияның The Independent басылымына сілтеме жасап хабарлайды. Премьер-министрдің өкілі сәрсенбіде ана мен баланың жағдайы «өте жақсы» екендігін хабарлаған. Борис Джонсон мен қалыңдығы NHS перзентханасының командасына алғысын білдірген.
Айта кетейік, Ұлыбритания премьері коронавирустан сауығып, осы дүйсенбіден бастап жұмысқа кіріскен.