Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Әлемнің ең табысты спортшылары

Әлемнің ең табысты спортшылары

Forbes әлемнің ең көп табыс табатын спортшылардың рейтингін жаңартты деп хабарлайды massaget.kz. Тізімге өткен жылы ең көп пайда түсірген спортшылар енген.
Биыл рейтингтің алғашқы үштігінде өзгерістер болды. Футболшы Лионель Месси көш басындағы орнынан сырғып, бірден үшінші орынға түсті.
Теннистен "Үлкен дулығаның" 20 дүркін чемпионы Роджер Федерер әлемнің ең көп табыс түсірген спортшысы атанды. Ол соңғы бір жылда 106,3 миллион доллар табыс тапқан. Оның тек 6,3 миллионы жеңіп алған жарыстарының сыйақысы болса, қалғаны демеушілерден түскен пайда.
Екінші орынға футболшы Криштиану Роналду жайғасты. Ол Федерерге қарағанда 1 миллион долларға аз табыс түсірген.  Рейтингке енген 100 спортшының ішінде баскетболшылардың саны көп. Бірден 35 баскетболшы рейтингіде орын алған. Сондай-ақ, америкалық футболдың 31 өкілі, 14 футболшы, 6 теннисші, 5 боксшы, 5 ММА спортшысы, 4 гольфшы, 3 шабандоз, 1 бейсболшы және 1 крикетші бар.
  Үздік ондыққа енген спортшылар:
1. Роджер Федерер (теннис, Швейцария) - 106,3 миллион доллар (жалақы/сыйақы – 6,3 миллион; демеушілерінен түскен табыс – 100 миллион);
2. Криштиану Роналду (футбол, Португалия) - 105 миллион  (60+45);
3. Лионель Месси (футбол, Аргентина) - 104 миллион (72+32);
4. Неймар (футбол, Бразилия) - 95,5 миллион (70,5+25);
5. ЛеБрон Джеймс (баскетбол, АҚШ) - 88,2 миллион  (28,2+60);
6. Стефен Карри (баскетбол, АҚШ) - 74,4 миллион (30,4+44);
7. Кевин Дюрэнт (баскетбол, АҚШ) - 63,9 миллион (28,9+35);
8. Тайгер Вудс (гольф, АҚШ) - 62,3 миллион (2,3+60);
9. Кирк Казинс (америкалық футбол, АҚШ) - 60,5 миллион (58+2,5);
10. Карсон Венц (америкалық футбол, АҚШ) - 59,1 миллион (55,1+4).
Бұған дейін Forbes журналы 2010-2019 жылдар аралығында ең көп табыс тапқан спортшылардың рейтингін жариялаған болатын. 9 жылы ішінде ең көп табыс тапқан спортшылардың көшін 915 миллион доллармен Флойд Мейвезер бастаған.
Екінші орынға "Ювентус" шабуылшысы Криштиану Роналду жайғасқан. Португалия футбол жұлдызының табысы 800 миллион долларды құрады. Үштікті аргентиналық футболшы Лионель Месси қорытындылаған. "Барселона" көшбасшысының осы аралықта тапқан табысы – 750 миллион доллар.
  Соңғы онжылдықта ең көп табыс тапқан спортшылар ондығы:
1. Флойд Мейвезер (бокс, АҚШ) – 915 миллион доллар;
2. Криштиану Роналду (футбол, Португалия) – 800 миллион;
3. Лионель Месси (футбол, Аргентин) – 750 миллион;
4. Леброн Джеймс (баскетбол, АҚШ) – 680 миллион;
5. Роджер Федерер (теннис, Швейцария) – 640 миллион;
6. Тайгер Вудс (гольф, АҚШ) – 615 миллион;
7. Фил Микельсон (гольф, АҚШ) – 480 миллион;
8. Мэнни Пакьяо (бокс, Филиппин) – 435 миллион;
9. Кевин Дюрэнт (баскетбол, АҚШ) – 425 миллион;
10. Льюис Хэмилтон (Формула-1, Ұлыбритания) – 400 миллион;
01 маусым 2020 ж. 1 009 0