Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 20 миллионға жетті

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 20 миллионға жетті

Әлем бойынша жаңа типті коронавирусты жұқтырғандар саны сейсенбі күні 20 ммиллионнан асты, деп хабарлайды inform.kz ТАСС агенттігіне сілтеме жасап. 
Халықаралық ұйымдар, федералды және жергілікті билік мәліметі негізінде есептеу жүргізетін Джон Хпкинс университеті осындай мәлімет таратты. 
Мекеменің мәліметі бойынша, қазір инфекцияға шалдыққандар саны - 20 001 019 адамға жетті. Оның 733 103-і қайтыс болса, 12 209 074 науқас жазылып шықты. Жұқтырғандар саны бойынша АҚШ көш бастап тұр (5 079 941). Содан кейінгі орындарға Бразилия (3 035 422) мен Үндістан (2 215 074) орналасқан.

11 тамыз 2020 ж. 574 0