Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Әлем чемпионаты - 2022. Жұлдыздарды көрумен шектелеміз бе?

Әлем чемпионаты - 2022. Жұлдыздарды көрумен шектелеміз бе?

Қазақстанда 2020 жылғы футбол маусымы толықтай аяқталды. Клубтарымыз еурокубокта екінші айналымнан әрі аса алмаса, ұлттық құрама Ұлттар лигасында өз тобында соңғы орынға қалып қойды. Енді 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі бар. Жеребе жеңіл түспеді. Бұл жолы мүмкіндігіміз қалай болмақ? Тағы да «бастысы жеңу емес, қатысу» деп өз-өзімізді жұбатамыз ба?

Әлеуметтік желіде қыздар құрамасының Франциядан 0:12 есебімен жеңілгені талқыланып жатыр. Енді келесі жылы ерлер құрамасы жолықпақ. Франция – 2018 жылғы әлем чемпионы. Екі жыл бұрын ғана өздеріне лайықты қарсылас таппаған құраманың ойыншылары да кілең сайдың тасындай болып тұр. Одан бөлек Украина, Босния және Герцеговина мен Финляндия бар. Қай-қайсын алсаңыз да осал емес. Қазақстанға тұңғыш рет іріктеуден ұпай алмай қалу қауіпі де жоқ емес.
baq.kz
11 желтоқсан 2020 ж. 697 0