Бүгін футболдан Қазақстан құрамасы Черногориямен кездеседі

Алдымен 2016 жылдың 8 қазанында Подгорицеде 0:5 есебімен есе жіберген қазақстандық құрама 2017 жылдың 1 қыркүйегінде елордада оларға 0:3 есебімен есе жіберді. Черногория құрамасы 2007 жылдан бері әлемдік футболдағы түрлі жарыстарға қатысып келеді. Әзірге әлем және Еуропа чемпионаттары финалдық кезеңіне шыға алған жоқ. FIFA жариялаған соңғы рейтингте олар 64-орында тұрса, Қазақстан құрамасы 119-орында.
Бүгінде екі құрама UEFA Ұлттар лигасында ойын көрсетіп келеді. Аталған турнирде С лигасында бірінші топта Черногория 9 ұпаймен көш бастап тұрса, Қазақстан төртінші топта соңғы орында келеді.
Естеріңізге сала кетелік, Қазақстан құрамасы енді Ұлттар лигасында екі ойын өткізеді. Алдымен 15 қазанда сырт алаңда Албаниямен шеберлік байқасса, 18 қарашаа өз алаңында Литваны қабылдайды.
www.inform.kz