Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жылдың ең ықпалды әйелдері анықталды

Жылдың ең ықпалды әйелдері анықталды

Америкалық Finencial Times басылымы 2020 жылғы ең ықпалды әйелдер тізімін атады.
Бұл тізімге 12 әйел енген. Басылым олардың барлығы дағдарыстармен күресіп, қазіргі заманның маңызды мәселелеріне назар аударғанын атап өтті.
Рейтингтің басында Жаңа Зеландия премьер-министрі Джасинда Ардерн тұр. Ол коронавирус қаупіне жедел назар аударуымен ерекшеленді.
Одан кейінгі орынға коронавирус вакцинасын шығаратын Biontech компаниясының жетекші ғалымы Озлем Туречи жайғасқан.  Ол – иммундық реакциялар үшін мРНҚ қолдану саласындағы жетістіктерге қолжеткізген негізгі ғалымдардың бірі.
Содан кейін бұл тізімге АҚШ-тың вице-президенті болатын Камала Харрис, беларусьтық оппозиционер Светлана Тихановская және америкалық саясаткер Стейси Абрамс кіреді.
Одан кейінгі позицияны жұмыс істейтін аналар алды. Бұл – белгілі бір әйел адам емес, карантин мен балаларға білім беру мекемелерінің жабылуына қарамастан өз мансабын жалғастырған барлық аналар.
Тізімнің соңында редакторлар биыл өз елінің экономикасын жақсартқан Тайвань президенті Цаи Инг Венді, коронавируспен күресуде шешуші шаралар қабылдағаны үшін Германия канцлері Ангела Меркельді, АҚШ Жоғарғы сотының судьясы Рут Гинзбургті, америкалық саясаткер Александр Окасио-Кортесті, Үндістан денсаулық сақтау министрі К.К.Шайлайды және америкалық әнші Тейлор Свифтті атап өтті.
kyzylorda-news.kz
12 желтоқсан 2020 ж. 474 0