Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Қарудың дауысын естіп, мүгедек күйеуін құтқару үшін ерлер секциясына жүгіріп барған"

"Қарудың дауысын естіп, мүгедек күйеуін құтқару үшін ерлер секциясына жүгіріп барған"

Жаңа Зеландияда Хусне Ара Парвин атты әйел Әл-Нұр мешітіндегі атыс кезінде сал болып қалған күйеуі Фарид Уддинді құтқаруға тырысыпты. Бұл туралы Qamshy.kzақпарат агенттігі хабарлайды bdnews24 сайтының дерегін негізге ала отырып. Әл-Нұр мешіті әйелдер және ерлер секциясына бөлінген.
“Әпкем мүгедектер арбасына таңылған күйеуін ерлер секциясына қалдырып, өзі әйелдер секциясына кеткен. Ол қарудың дауысын естіп, күйеуін құтқару үшін ерлер секциясына жүгіріп барып, сол жерде жан тапсырған”, – дейді әйелдің інісі Махфуз Чоудхури.
Жаңа Зеландия полициясы Парвиннің оққа ұшқанын отбасына хабарлаған, алайда, әзірге оның мәйітін бермепті. Жаңа Зеландияның Крайстчерч қаласындағы қанды қырғын кезінде Бангладеш тұрғыны мүгедек күйеуін құтқарамын деп ажал құшты. Парвиннің күйеуі қанды қырғыннан аман қалған, атыс басталған кезде оны басқа біреулер қауіпсіз жерге шығарған.
Еске сала кетсек, жұма күні Крайстчерчтегі екі мешітте белгісіз біреулер келушілерге оқ жаудырған болатын. Жергілікті биліктің мәліметінше, 49 адам көз жұмған.  Жаңа Зеландия премьері Джасинда Ардерн болған оқиғаны теракт деп атады. Шабуылға қатысы бар деген күдікпен үш адам ұсталып, Австралия азаматы мен 28 жастағы Брентон Таррантқа кісі өлтірді деген айып тағылды, сенбі күні сот оны қамауда ұстау мерзімін 5 сәуірге дейін ұзартты.
www.qamshy.kz
17 наурыз 2019 ж. 1 036 0