Зерттеу: Адамдар 10 жағдайдың 9-ында смартфонға еш себепсіз қарайды

Тәжірибеге 37 адам қатысқан. Олардың киіміне арнайы камера қойылып, барлық іс-қимылы 5 сағат бойы бақыланған. Осындай үш күндік тәжірибеде адамдар смартфонды 1130 рет қолданған.
Әр адам смартфонды орта есеппен 64 секунд "шұқылаған". Көбіне WhatsApp көп қолданылған (22%), одан кейін уақыт қараған (17%), Instagram-да (16%), Facebook-те (13%) отырған.
massaget.kz