Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Түркі кеңесі елдерінің Даму банкін құруды ұсынды

Түркі кеңесі елдерінің Даму банкін құруды ұсынды

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев өз сөзінде берік тарихи байланысқа, тіл, мәдениет және рухани құнды­лықтардың ор­тақтығына негіз­делген Түркі тілдес мемлекеттердің ын­тымақтастық кеңесі өңірлік өзара іс-қимылдың тиімді тетігіне айналып келе жатқанын ерекше атап өтті.
Мемлекет басшысы Кеңестің пандемиядан туындаған жаһандық дағдарыстың теріс салдарын еңсеруге бағытталған қысқа және орта мерзімге арналған экономикалық ынтымақтастық стратегиясын әзірлеу бастамасын ұсынды. Ол сауда, инвестициялық, кооперациялық және көлік байланыстарын тезірек қалпына келтіріп, оларды жаңа жағдайда одан әрі дамыту, электронды коммерция мен цифрлық технологияларды кеңінен енгізу, іскер топтардың мүмкіндіктері мен өңіраралық ынтымақтастықты неғұрлым толық пайдалану қажеттігіне назар аударды.
Ш. Мирзиёев өз сөзінде Түркі кеңесі өзінің инвестициялық қорын жасақтап, Даму банкін ашатын уақыт келгенін мәлімдеді. Одан бөлек, аймақтың көлік-транзит әлеуетін дамытудың маңыздылығы арта түскендігі сөз болды.

egemen.kz
02 сәуір 2021 ж. 401 0