Парижде әлемдегі ең қымбат қонақүйді тонап кетті

Оқиға 8 сәуір күні жергілікті уақыт бойынша шамамен 21:30-да болған. Қонақ үйге екі жігіт шабуыл жасаған. Олар қонақүй ғимаратындағы витриналардың бірінен әйнекті сындырып, әлемдік брендтердің зергерлік бұйымдарын алып кеткен.
Сонымен қатар Le Parisien басылымы қылмыскер өздігінен әрекет етіп, балта және тапаншамен қаруланған деп жазады. Ол күзетшілерге қару тақап, қымбат әшекейлерді дорбасына салған. Бетперде киген қарақшыны сыртта серіктесі күтіп тұрған деседі.