Аргентинада екі апта ішінде науқастардың саны 90% артты

Айта кетейік, пандемия басталғалы Аргентинада 2 млн 600 мыңнан астам адам індет ілмегіне ілінген. Олардың шамамен 58 мыңы осы кеселден көз жұмды. Сахар Тал Бензекри, аурухана басшысы: – Соңғы кездері дімкәс жандардың қатары күрт артып кетті. Қазір науқастарды қайда жатқызамыз деп бас қатырудамыз. Жағдайымыз өте қиын. Эквадор, Бразилия мен Перудегі ахуал бізге де жетейін деп тұр. Оған жеткізбеуіміз үшін әр азамат саналық танытып, қауіпсіздік шараларын сақтау керек.
24.kz