Жапонияның ірі қалаларында қайтадан төтенше жағдай режимі енгізілмек

Ресми бұл шешім туралы жұма күні хабарланбақ. Жергілікті билікті келе жатқан мерекелерге байланысты ірі қалалардағы коронавирус оқиғаларының өсу қаупі алаңдатады. Жапон билігі 7 қаңтар күні бірқатар өңірлерде төтенше жағдай режимін енгізген еді. Айта кетер болсақ, режимнің ең ұзағы Токиода және оған жақын Канагава, Сейтама, Тиба префектураларында 22 наурызға дейін созылды. Алайда ол алынғаннан кейін жұқтыру оқиғаларының өсу үрдісі қайта басталды. Соңғы деректерге сәйкес, Жапонияда жұқтыру оқиғалары 548 мыңнан асқан, 9,7 мың адам қайтыс болды.
inform.kz