«Спутник V» вакцинасы енді Түркияда өндіріледі

Оның сөзіне сенсек, РТИҚ Азия, Латын Америкасы, Еуропа және ТМД елдерінде бірқатар фармацевтика компаниясымен ынтымақтастық орнатқан.
Соның арқасында қауіпсіз және тиімді ресейлік екпе 60-тан астам мемлекетте халыққа қолжетімді болады.
«Вакцина өндірісі, лицензиялау процесі, сондай-ақ сақтау және дистрибуция мәселесінен бөлек Ресеймен әріптестігіміздің тағы бір бөлігі - екпенің клиникалық сынағы. Ол өте сәтті жүріп жатыр. Біз бүкіл әлем көз тігіп отырған осындай маңызды препараттың өндірісіне үлес қоса алатынымыз үшін қуаныштымыз» деп атап өтті Viscoran İlaç компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Өзтүрік Орал.