Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Британиялық велосаяхатшы Ақтауға келіп жетті

Британиялық велосаяхатшы Ақтауға келіп жетті

Британиялық велосаяхатшы Ақтау қаласына келіп жетті, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстанның велосипед спорты федерациясы Facebook-тегі парақшасына сілтеме жасап.

«Үстіне қызыл веломайка киіп, қызғылт велосипед тепкен жігітті жолықтырсаңдар ол – Люк. Люк үш дөңгелекті тандем (екі адам мінетін веломсипед) Ұлыбританияның Бритоль қаласынан Қытай астанасы Бейжіңге сапарлап барады. Бұл сапарды «3 дөңгелек. 30 мемлекет. 30 000 шақырым. 300 000 фунт стерлинг» деп қысқаша сипаттауға болады», делінген хабарламада.

4 жыл бұрын Люк сырқаттанып, оған сирек әрі ауыр саркома түрі (сүйектің қатерлі ісігі) деген диагноз қойылған. Бристольден Бейжіңге дейінгі сапар – оның ракпен ауырған адамдарды толыққанды әрі қызықты өмір сүруге жігерлендіру амалы және өзінің арманын орындау.

«Қазір Люк Ақтау қаласына келіп жетті, біз оған Қазақстан визасын рәсімдеуге көмектестік, ал Сергей Колганов онымен тандем великті бірге тепті. Таяуда саяхатшы Өзбекстанға аттанады, сосын Қазақстанға қайта оралып, Шымкент, Тараз, Алматы және басқа да қалаларға соғып өтеді», делінген жазбада. ⠀

Қазақстандықтар Люктің Instagram-дағы аккаунтына қолдау білдірген көптеген жазба қалдырған. Мына сайтта велокезбенің қай жерде кетіп бара жатқан трекингін көруге болады.
16 мамыр 2021 ж. 251 0