АЛМАТЫЛЫҚ ВЕЛОСАЯХАТШЫ АРАЛ ҚАЛАСЫНА АЯЛДАДЫ

2 шілде күні Алматы қаласынан шыққан Сайфулла Шығыс, Солтүстік, Орталық, Батыс Қазақстан аймағындағы қалаларды аралап өткен. Арал қаласынан кейін Қызылорда облысындағы аудан барлық аудан орталықтары мен «Батыс Қытай-Батыс Еуропа» автожолының бойындағы қалаларға тоқтап, Алматы қаласына жетуді жоспарлап отыр.
- «Туған еліміздің табиғатын көзбен көріп, барлық қалаларын аралауды бала кезімнен армандайтынмын. Велосипедпен саяхаттау алдымен денсаулыққа пайдалы. Одан соң қала ішін асықпай аралауға тиімді. Еліміздің барлық жастарын спортпен шұғылданып, салауатты өмір салтын ұстануға шақырамын»-дейді Сайфулла Тілекұлы.
Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.