Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » АРАЛДА АЛҒАШҚЫ ФИТНЕС КЛУБ АШЫЛДЫ

АРАЛДА АЛҒАШҚЫ ФИТНЕС КЛУБ АШЫЛДЫ

Бүгін аралдықтар үшін екі есе қуанышқа толы күн деуге болады. Өйткені, бірлік мерекесіне арналған салтанатты шараны тамашалаған қауым, Арал қаласынан бой көтерген жаңа фитнес орталығының ашылу рәсіміне де куә болды. 
Фитнес-клубтың ашылуына қатысқан аудан әкімі Мұхтар Оразбаев шаһар тұрғындарын құттықтап, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығын айтып өтті. Лента қиылған соң қонақтар жаңа нысанды аралап, танысты. 
Атап өту қажет, «Aibar» фитнес орталығы аудан көлемінде алғашқы ашылып отырған нысан. Заман талабына лайықталып бой көтерген, көлемі 405 шаршы метр болатын нысанның жоба құны 30 млн теңгені құрап отыр. Салауатты өмір салтын ұстануға бастамашы болып отырған орталық бір мезетте 60 адамды қабылдауға қауқарлы. 
Аталмыш фитнес-клубтың иесі Ақыл Сәдуақасованың айтуынша, мұнда соңғы разрядқа сай барлық жағдай жасалған және құны 14 млн теңгені құрайтын жаттығуға арналған спорттық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Жұмыс күндері клуб сағат 11.00-ден бастап ашылып, түнгі 00.00 уақытқа дейін жұмыс жасайды. Іске қосылған орталықта алдағы уақытта 5 адам тұрақты жұмыспен қамтылады деп жоспарлануда.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі.

01 мамыр 2019 ж. 1 372 0